Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Португалия – Уэльс матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Португалия – Уэльс матчын тікелей эфирде көрсетеді

06.07.2016
Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Португалия – Уэльс матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Еуропа чемпионатының жартылай финал кезеңіндегі алғашқы ойын Португалия – Уэльс құрамаларының арасында өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Португалия құрамасы ширек финал кезеңінде Польшаны ойын соңындағы пенальти сериясында ұтса, Уэльс құрамасы Бельгияны 3:1 есебімен жеңген.

Бұл ойынға дейін Португалия мен Уэльс құрамалары 3 рет кездескен. 2 матчта Португалия құрамасы жеңіске жетсе, Уэльс 1 кездесуде ұтқан.

Айта кетейік, Португалия – Уэльс матчының қайталауын ертең, 6 шілдеде «Kazsport» телеарнасынан сағат 14:10-да көре аласыздар

Хабарламаларға жазылу