Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Англия-Уэльс матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Англия-Уэльс матчын тікелей эфирде көрсетеді

16.06.2016
Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Англия-Уэльс матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «В» тобындағы Англия және Уэльс құрамаларының арасында 2-ші тур ойыны өтеді. Бұл ойынды «Kazsport» телеарнасы сағат 18:50-де назарларыңызға ұсынады.

Англия құрамасы бірінші турда Ресей құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнаған. Ал, Уэльс құрамасы словак футболшыларын 2:1 есебімен ұтқан.

Екі құрама бұған дейін 101 ойын өткізген. Оның 66 матчында Англия құрамасы жеңіске жеткен болса, Уэльс 14 ойында ұтқан. Ал, 21 ойын тең аяқталған.

FIFA рейтингінде Англия 11-ші орында, Уэльс құрамасы 26-шы сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Англия-Уэльс ойынының қайталауын «Kazsport» телеарнасы ертең, 17 маусымда, сағат 08:25-те көрсетеді.

 

Хабарламаларға жазылу