Үндістан әскерінің 58 жауынгері бір мотоциоклмен жүріп әлемдік рекордты жаңартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістан әскерінің 58 жауынгері бір мотоциоклмен жүріп әлемдік рекордты жаңартты

22.11.2017

Елдің ұлттық туы түстес киім киген әскерилер осылайша 1 шақырымнан астам жолды жүріп өткен.

«Роял Энфилд» мотоцикліне мініп, рекорд жасағандар - Үндістан қарулы күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің «Торнадо» атты тобы. Олар бұл трюкті орындау үшін жарты жыл жаттығып, арнайы диета ұстаған екен. 1982 жылы құрылған әскери топтың 54 жауынгері бұған дейін 2010 жылы бір мотоциклге мінгесіп, рекорд жасаған.  

Банни Шарма, майор:

- Бұл нөмірді орындауға үш адам жауапты. Біріншісі мотоциклдің механикалық бөлшектерін басқарды. Екіншісі тепе-теңдік сақтаса, үшіншісі мотоцикл жүргізушісіне бағыт-бағдар көрсетіп отырды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу