АҚШ-та да Винчидің картинасы 450 млн долларға сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та да Винчидің картинасы 450 млн долларға сатылды

16.11.2017

Нью-Йоркте Леонардо да Винчидің «Әлем құтқарушы» атты картинасы 450 миллион долларға сатылып, әлемдік рекордты жаңартты. Бұл портрет қайта өрлеу дәуірінде немесе осыдан шамамен 500 жыл бұрын салынған.

Ол үшін «Кристи» аукционында сауда 75 миллион доллардан басталды. Бірақ, әйгілі суретті атын атамаған бір адам телефонмен хабарласып, 450 миллион 300 мың долларға сатып алды.

Да Винчи 1519 жылы дүниеден озды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бүгінде дүниежүзінде оның 20-ға жетер-жетпес картинасы қалған.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу