Түрік лирасы тағы да құнсызданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік лирасы тағы да құнсызданды

21.11.2017

Түрік лирасы долларға шаққанда рекордтық деңгейге құнсызданды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, бір доллардың құны 3, 95 лираға дейін жеткен. Бұған соңғы кезде Түркия мен АҚШ арасында қатынастардың нашарлап кетуі түрткі болуы мүмкін.

Жыл басынан бері түрік лирасы осымен 12 пайызға дейін арзандап, бесінші рет құнсызданып  отыр. Оған бір жағынан үкіметтің монетарлық саясатының сенімсіздігі мен инфляция қаупі де себепші.

Бұл жағдай көптеген компаниялар үшін үлкен проблема туындатып отыр. Өйткені, ол кәсіпорындар кезінде қарыз бен несиені доллармен алған.    

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу