«ДАИШ»-тың содырлары Раккадан 47 жүк машинасы және 13 автобуспен көшкен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ДАИШ»-тың содырлары Раккадан 47 жүк машинасы және 13 автобуспен көшкен

16.11.2017

Сирияның Ракка қаласынан «ДАИШ»-тың  4 мың содыры мен олардың отбасылары қалай кетті? «ВВС»-дің зерттеуіне жүгінсек, олар 47 жүк машинасымен және 13 автобуспен көшкен екен. Сонымен қатар, экстремистерді эвакуациялауға халықаралық коалиция құпия түрде көмектескен. Содырлардың бір бөлігі Түркия асса, енді біреулері Сирия аумағына тарап кеткен.

Айта кетсек, АҚШ-қа арқа сүйеген арабтар мен күрдтердің жасақтары «ДАИШ»-тың іс жүзіндегі астанасы Ракканы өткен айдың ортасында азат етті.

Бірақ, Сирия әскери сарапшыларының пікірінше, АҚШ, Ұлыбритания сияқты елдер «ДАИШ»-тың мыңдаған мүшесін Сирия армиясына қарсы қою үшін Раккадан тірі жіберді. Соңғы мәліметке қарағанда, «ДАИШ» қазір өзінің соңғы бекінісін сақтап қалу үшін елдің шығысында Сирия әскерімен үлкен соғыс жүргізіп жатыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу