Қытайда суперкомпьютерлер саны 202-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда суперкомпьютерлер саны 202-ге жетті

14.11.2017

Қытай суперкомпьютер иеленуден АҚШ-ты басып озды. Бұл туралы хабар әлем бойынша алты ай сайын шығатын «Топ 500» тізімінде көрсетілген. Оған жүгінсек, Қытайда мұндай машиналардың саны 202-ге жетсе, Құрама Штаттарда 143-ке дейін төмендеген. Үшінші орында Жапония, 4-ші және 5-ші орындарда Германия мен Франция тұр.

Суперкомпьютерлер ондаған мың процессермен жабдықталған. Олар климатты зерттеуге, ядролық қаруды сынауға, мұнай кеніштерін барлауға, ауа-райын болжауға, ДНК-ны анықтауға, биомолекулаларды модельдеуге қолданылады.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу