Коронавирустан қайтыс болғандар саны мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан қайтыс болғандар саны мыңнан асты

11.02.2020
Коронавирустан қайтыс болғандар саны мыңнан асты

Қытайда коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандар саны 1018-ге жетті. Өткен тәулікте (10 ақпандағы жағдай бойынша) Қытайда коронавирус жұқтырған 2478 адам тіркеліп, 108-і өліммен аяқталды. 

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда індетті жұқтырғандардың жалпы саны - 42 638 адам. 7333 адам ауыр халде жатыр. Ал 3996 науқас сауығып, ауруханадан шығарылды. 

Сондай-ақ қазір науқастармен тығыз байланыста болған 187,7 мың адам дәрігерлер бақылауында. 

2019-nCoV коронавирусы әлемнің 24 елінде тараған. Вьетнамда індетті жұқтырғандардың саны 15 адамға жетті. Олардың арасында үш айлық сәби де бар.

Фото:REUTERS

Хабарламаларға жазылу