Ғалымдар: Қой адам бейнесін тани алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар: Қой адам бейнесін тани алады

09.11.2017

Қой  адам бейнесін ажырата алады. Мұны Кэмбридж университетінің ғалымдары дәлелдеді. Бұл үшін арнайы тәжірибе жасалған. Зерттеушілер жануарға  бірнеше танымал адамның фотосын алдын ала көрсетеді. Олардың ішінде Барак Обаманың суреті де бар.  Кейін сол  сурет компьютер экраны арқылы бейтаныс адамның портретімен бірге көрсетілгенде, қой  АҚШ-тың экс-президентін бірден таныған.

Осы тәжірибе арқылы Кэмбридж ғалымдары  жүйке жүйесі ауруларын зерттеп, түсінуден үмітті.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу