Нұрмұхан Жантөрин әлемге классик актер ретінде танылған адам - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрмұхан Жантөрин әлемге классик актер ретінде танылған адам

22.04.2016
Нұрмұхан Жантөрин әлемге классик актер ретінде танылған адам

Ұлттық театр сахнасы мен кино әлемінде шығармашылық болмысымен, талант-танымымен жарық жұлдыздай ағып өткен саңлақ актерлердің бірі - Нұрмұхан Жантөрин.

Алматыға киномеханиктер дайындайтын мектепке оқуға түскен жас жігіт кейін қарым-қабілетін тани білген ұстаздардың жол сілтеуімен актерлер дайындайтын оқу орнының студенті атанған.

Кешікпей Ташкент театр өнері институты актерлік факультетінің III курсына қабылданып, оны 1952 жылы бітіріп шығады. Өнер табалдырығын осылай аттаған Нұрмұхан Жантөрин өмірінің соңына дейін М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының сахнасында, «Қазақфильм» киностудиясының фильмдерінде актерлік шеберліктің озық өрнегін көрсетті.

«Бұл кісі әлемге классик актер ретінде танылған адам. Оның режиссерлік жұмыстары әлемдік деңгейдегі дүниелер. Актерге қажетті психилогиялық таным, ойлау жүйесі, келбет, дауыс Нұрмұхан Жантөринде толығымен болды»,-деп еске алады ҚР Халық әртісі, режиссер Есмұқан Обаев.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу