Адам ұрлаушылар рохинджалық балаларды аңдып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам ұрлаушылар рохинджалық балаларды аңдып жүр

08.11.2017

Бангладештің Кутупалонг босқындар лагерінде адам ұрлаушылар рохинджа балаларын аңдып жүр. Сондықтан, мұнда біреу жоғалған жағдайда дереу хабарлайтын микрофон орнатылды. Айта кету керек, бұл жерге қоныс аударған 10 адамның алтауы бала. Ал, табылған жеткіншекті алып кету үшін ата-анасы оның атын дұрыс айтып, баланың өзі әке-шешесін тануы тиіс. Лагерде екі айдың ішінде шашамен 1800 адам жоғалып кеткен. Олардың көбі - балалар. БҰҰ-ның деректеріне сүйенсек, Бангладешке көрші Мьянмадағы үкімет пен буддашылардың қысымына шыдамай 600 мыңдай мұсылман қашып барған. Оларды саудалап, ақша табуды көздеген сайттар кейінгі кездері көбейіп отыр.

Джей Лейби, ЮНИСЕФ-тің өкілі:

- Мұнда  үлкен қауіп бар. Адам ұрлаушылар көбінесе кәмелетке толмаған қыздарды аңдып, оларды арзанға сатуды көздейді. Содан кейін қылмыскерлер балаларды ірі қалаларға апарып, үй тірліктеріне жұмсап, құлдықта да ұстайды.

Хабарламаларға жазылу