Елорда тұрғыны ұрлықшыны тәртіп сақшыларына ұстап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда тұрғыны ұрлықшыны тәртіп сақшыларына ұстап берді

13.06.2022

Елорда тұрғыны 61 жастағы әйел адамның әмианын тартып алған ұрлықшыны қолға түсірді. 37 жастағы Қанаған Хасенов бұзақыны қуып жетіп, тәртіп сақшыларына ұстап берген.

Оқиға Ғабдуллин көшесінде болған. Ұрлықшы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр. Белгілі болғандай, бұзақы әйел адамның валюта айырбастау пунктінде ақша айырбастағынан аңдып тұрған. 31 жастағы ер адам бұрын сотталған болып шықты.


Хабарламаларға жазылу