Сауд Арабиясында 1200-ден астам банк есепшоты жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясында 1200-ден астам банк есепшоты жабылды

08.11.2017

Сауда Арабиясында 1200-ден астам банк есепшоты жабылып, тексеру жүріп жатыр. Жеке тұлғаларға тиесілі есеп шоттармен қатар, компания шоттары да жемқорлыққа қарсы күрес барысында тоқтатылған. Жергілікті банк өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл сан әлі де өсуі мүмкін. Сонымен қатар, жабылған шоттар ұзақ уақыт бойы тексеру өтпейінше ашылмайды.

Айта кетейік, таяуда ғана елде жемқорлық жасағыны үшін 11 ханзада мен 4 министр тұтқындалған болатын. Ресми деректерге қарасақ, оларға ақшаны бопсалады, пара алды және қызметін жеке басына пайдаланды деген айып тағылған.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу