Голландиялық өнертапқыштар уақыт машинасын жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Голландиялық өнертапқыштар уақыт машинасын жасады

15.06.2018

Маңызды сәттерді таспаға жазуға үлгермей, сан соғып қалған жағдай әркімнің басынан өткен болар. Осыны ескерген голландиялық өнертапқыштар уақыт машинасын жасап шықты. Бұл ерекше камерадан өзіңіз таспаға жазудан бастамас 10 секунд бұрынғы оқиғаларды көре аласыз.

Ерекше камера түсірілім басталмастан 10 секунд бұрын қосылады. Кейін материалды Bluetooth арқылы телефонға көшіріп аласыз. Сондай-ақ камерасыз түсірілімді тоқтатқан  соң да 10 секунд бойы жұмыс істеп тұрады. Яғни, негізгі материалдан тыс 20 секундтық видео автоматты түрде жазылады деген сөз.

Ғажап құрылғыны жасауға екі жыл уақыт кеткен. Жұмыс барысында камера үнемі қосулы тұру үшін қуатын үнемдеуге аса мән берілген. Қазір оның қуаты 7 сағат тоқтамай түсірілім жасауға жетеді.

Кәдімгі камера линзасының мүмкіндігі  - 60 градус болса, бұл құрылғы 120 градус аумақты көре алады. Және бейнені басқа құралдарға жылдам жазу жолдары қарастырылған. Өндірушілер камераны әлі де жетілдіре түспек.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу