Маравиді жөндеуге миллиондаған доллар қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маравиді жөндеуге миллиондаған доллар қажет

25.10.2017

5 ай бойы «ДАИШ»-пен байланысты қарулы топтың бақылауында болған Филиппиннің Марави қаласы адам танымастай өзгерген. Шаһар бейбіт замандағы келбетінен айырылды. Қарулы қақтығыстардан, атыс-жарылыстардан көптеген ғимараттар жермен-жексен болған. Көпшілігі әуе шабуылынан зардап шекті. 300 мыңдай тұрғын қақтығыстан қашып, үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Енді қаланы қалпына келтіруге 900 млн. доллар көлемінде қаражат қажет. «ДАИШ»-тың қара туын ұстап, Маравиді басып алған қарулы топтың толықтай жойылып, қазірде қалада бірде-бір экстремист қалмаған.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу