Буш пен Обама елдегі саяси климатқа алаңдаулы
АҚШ-тың бұрынғы президенттері Джордж Буш пен Барак Обама елде қалыптасқан саяси климатқа алаңдаушылық білдірді. Нью-Джерси штатында өткен демократтар митингінде Обама халықты «бөліну саясаты» мен «қорқыныштан» бас тартуға шақырды. «50 жыл артқа шегінбейік. 19-шы емес 21-ші ғасырда өмір сүріп жатырмыз», - дейді ол.
Осыған ұқсас мәлімдемені Нью-Йоркте Буш та жасады. Оның сөзінше, Америкада ақ нәсілділерді жоғары қою мен фанатизмге жол беріліп отыр. Қоғамдық өмірде кемсіту мен ескішілдік ұлттық сипат алып бара жатыр. Мұның бәрі қатыгездікке бастайтын жол», - дейді Құрама Штаттардың 43-ші президенті.
Бірақ, екі экс-лидер де қазіргі мемлекет басшысы Дональд Трамптың атын атаған жоқ.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз әр азаматтың, әсіресе жастардың бойына тазалық ұқыптылық, жауаптылық сияқты қасиеттерді сіңіруіміз керек»
13.10.2026, 11:12
«Әбіл» фильмі Asian World Film фестиваліне шақырту алды
13.10.2026, 10:10
Қола дәуіріндегі қыш құмарадан дәнді дақыл нышандары табылды
13.10.2026, 10:08
Кибершабуылдан миллиондаған еуроның азық-түлігі бүлінді
13.10.2026, 10:07
Орта дәлізді дамыту бастамасы қолдау тапты
13.10.2026, 10:05
Қазақстанның адам саудасына қарсы тұрудағы тәжірибесі талқыланды
13.10.2026, 10:01
Ливанмен шекараға жақын маңда оқыс оқиға болды
13.10.2026, 10:00
Президент Бельгиялық қонақтарға Ұлттық балаларды оңалту орталығын таныстырды
13.10.2026, 10:00