Лос-Анджелес қаласының маңында «Chevron» компаниясының зауытында жойқын жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лос-Анджелес қаласының маңында «Chevron» компаниясының зауытында жойқын жарылыс болды

18.10.2017

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласының маңында «Chevron» компаниясының зауытында жойқын жарылыс болды. Бұл - елдің Солтүстік жағалауында орналасқан ірі мұнай өндіруші кәсіпорын. Оның көлемі шамамен 405 гектар аумақты алып жатыр. Зауыт үстінде көк түтін будақтап, электр желілері зақымданды. Сондықтан, қазір Лос-Анджелестің кейбір аудандары жарықсыз отыр. Отты сөндіруге мамандар мен арнайы техника тартылды. Енді жақын жердегі халықаралық әуежайға қауіп төнуі мүмкін. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз.

Айта кетейік, бұл зауыт 1911 жылы салынған болатын. Онда күніне шамамен 275 мың баррель мұнай өндіріледі екен.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу