Головкин-Уэйд бокс кешіне 15 мыңнан астам билет сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин-Уэйд бокс кешіне 15 мыңнан астам билет сатылды

19.04.2016
Головкин-Уэйд бокс кешіне 15 мыңнан астам билет сатылды

23 сәуір күні (Астана уақытымен 24 сәуір) АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Форум» аренасында өтетін WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) мен америкалық боксшы Доминик Уэйд (18-0, 12 КО) арасында өтетін бокс кешіне 15 мыңнан көп билет сатылған.

Бұл туралы К2 Promotions компаниясының басқарушы директоры Том Леффлер мәлімдеді, деп хабарлайды BoxingScene.com.

«Біз 16 мыңнан көп билет сатылады деп болжап отырмыз. Бұл Калифорниядағы ең үлкен шоу болмақ», - деді Леффлер.

Айта кетейік, Головкин-Уэйд жекпе-жегі 23 сәуір күні (Астана уақытымен 24 сәуір) АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Форум» аренасында өтеді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты жекпе-жекті 24 сәуірде 07:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетудің эксклюзивті құқығына ие болды.

Хабарламаларға жазылу