АҚШ-тың Калифорния штатында тұрғын үйде жойқын жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Калифорния штатында тұрғын үйде жойқын жарылыс болды

21.09.2017

Оқыс оқиға Лос-Анджелес қаласында болған. Әзірге апат салдарынан нақты зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Бірақ, халықаралық агенттіктер 1 адам жараланды деген ақпарат таратты. Жойқын жарылыс тұрғын үйді жермен-жексен етіп, тіпті жан-жағындағы ғимараттарға да әсерін тигізген. Оқиға орнына ондаған өрт сөндіруші мен төтенше қызмет маманы тартылды. Істің мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу