Киевтегі наразылық акциясы полициямен қақтығысқа ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киевтегі наразылық акциясы полициямен қақтығысқа ұласты

18.10.2017

Украина құқық қорғау органдары Киевтегі наразылық акциясының өтуіне кедергі жасамайды және де парламент ғимараты жанында түнде шерушілер орнатқан шатырларды бұзбайды. Бұл туралы елдің бас прокуроры Юрий Луценко мәлімдеді. Ал, бұған дейін үкіметке қарсы наразылық акциясына шыққандар полициямен қақтығысты. Киев орталығында 5 мыңдай адам парламент ғимараты жанына жиналып, шерулеткен. Олардың басты талаптары - депутаттарды дербес құқығынан айыру, коррупцияға қарсы сот құру және сайлау заңына өзгеріс енгізу.

Наразылық акциясы лидерлерінің бірі Михаил Саакашвили Украина президенті Петр Порошенконың қызметтен кетуін талап еткен. Ал, мемлекет басшысы шеруді «демократияның қажетті элементі» деп атап, оның бейбіт түрде өтуі маңызды деп мәлімдеді. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу