Трамп Тиллерсонға ақыл салыстыруды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Тиллерсонға ақыл салыстыруды ұсынды

11.10.2017

Кім ақылды? АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонға ой таластыру туралы ұсыныс жасады. Дәлірек айтсақ, Трамп өзінің ақыл-ойының даму коэффициентін бас дипломаттың IQ-мен салыстыруға қарсы емес.

Бұған дейін жарияланған мәліметтерге қарағанда, Тиллерсон президентті тіпті «ақымақ» деп атаған. Алайда, Ақ үй басшысының сөзінше, бұл – жалған ақпарат. Сонда да Трамп Мемлекеттік хатшымен бәсекеге түсуге әзір.

Кейінгі кездері екі саясаткердің арасында араздықтың күшейгені жиі жазылып жүр. Әсіресе, олар Солтүстік Корея мен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелерде дауға ұрынды. Мәселен, Трамп осы айдың басында Пхеньянды келіссөздерге көндіремін деп уақыт жоғалтып жүр деп Тиллерсонды жазғырған еді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу