АҚШ Солтүстік Кореяға ядролық қарудан бас тартуды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Солтүстік Кореяға ядролық қарудан бас тартуды ұсынды

13.01.2020

Америка Құрама Штаттары Солтүстік Кореяға ядролық қарудан бас тарту туралы келіссөздерді қайта бастауды ұсынды. Бұны АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Роберт О’Брайен мәлімдеді.  

Бұған дейін президент Дональд Трамп Ким Чен Ынды туған күнімен құттықтаған еді. Алайда, ресми Пхеньян диалогты жалғастыруға бұл жеткіліксіз дейді.

Екі мемлекет лидерлері келіссөздерді 2018 жылы бастады. Дегенмен, тараптар Корей түбегін атомдық арсеналдан тазарту туралы ортақ келісімге әлі келей алмай отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу