Афиныда  жүздеген зейнеткер шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Афиныда  жүздеген зейнеткер шеруге шықты

04.10.2017

Грекия астанасы Афиныда жүздеген зейнеткер шеруге шықты. Егде жастағы адамдар зейнетақының қысқаруына қарсы. «Рейтер» агенттігің хабарлауынша, бұл мемлекетте 2010 жылы экономикалық дағдарыс басталғалы жыл сайын зейнетақы көлемі азайып келеді.

Ал, реформаға сәйкес, 2019-шы жылы ол тағы да қысқартылады. Демонстранттардың сөзінше, олардың айлық табысы азық-түлікке де жетпеді. Зейнеткерлер бұл үшін Грекиядан қаржыны үнемдеуді талап етіп отырған Еуропа одағы мен Халықаралық валюта қорын кінәлады.

Сонымен қатар, шерушілер қысқартуларға жол бермеу туралы уәдесінде тұрмаған үкіметке де наразы. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу