Лондонда жүздеген тұрғын шеруге шықты
Лондонның орталығына шыққан жүздеген тұрғын климаттың өзгеруіне қарсы шаралар қабылдамағаны үшін үкіметті сынға алды.
Демонстранттар мұнай және газ өндіруге жаңа лицензиялар беруді тоқтату, экологияны ластаушы компанияларға салықты көбейту, тұрғын үйлерге энергияны үнемдейтін жылыту жүйесін орнатуды талап етті. Шеруге шыққандар өзінің және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін осындай қадамға барғанын айтады.
Еуропа тұрғындары соңғы апталарда шілденің шіліңгір ыстығын бастан өткеріп жатыр. Ұлыбританияда ауа температурасы алғаш рет 40 градусқа дейін көтерілді. Бірнеше жерде өрт тұтанған. Ал Испания мен Португалияда аптап ыстықтан 2 мыңнан аса адам қаза тапты.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Иесіз жануарларды тамақтандыру заңды ма?
16.01.2026, 21:33
Шетелдегі кино түсіретін компаниялар табыстың 70-90 пайызын алады
16.01.2026, 20:21
Елімізде қоқыстың 20-25 пайызы ғана қайта өңделеді
16.01.2026, 20:18
Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
16.01.2026, 20:17
Еліміз бір жылда 70 млрд доллар инвестиция тартты
16.01.2026, 20:16
Еліміз бойынша қызылша жұқтыру дерегі 85% төмендеді
16.01.2026, 20:11
Энергетикалық сусын тұтынатын жасөспірімдер азаймай отыр
16.01.2026, 20:08
Алматыдағы «Қайрат» ықшам ауданында орналасқан 200-ге жуық үй бұзылуы мүмкін
16.01.2026, 20:05