Тбилисиде жүздеген адам шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тбилисиде жүздеген адам шеруге шықты

15.11.2019

Грузия астанасы Тбилисиде ауқымды шеру өтті. Онда оппозиция жақтастары парламенттің сайлау туралы заңды реформалай алмағанына наразылық білдірді. Митингіге қатысушылардың айтуынша, депутаттар 2020 жылға жоспарланған сайлауды пропорционалдық жүйемен өткізу туралы ережені Конституцияға енгізе алмаған. Егер бұл өзгеріс қабылданып кеткенде, әрбір партия жинаған дауысына сай парламенттен орын алар еді. 

Демонстранттар осы сәтсіздік үшін биліктегі «Грузин арманы» партиясының жетекшісі Бидзина Иванишвилиді реформаға кедергі жасады деп айыптады. Алайда Иванишвилидің өзі негізгі заңға өзгерту енгізілмегенінен түңілгенін мәлімдеп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу