Барселонада студенттер ереуілі басталды
Испанияның Барселона қаласында Каталонияның тәуелсіздік туралы референдумын қолдаған студенттер екі күн бойы ереуіл ұйымдастырмақ. Жастар мұндай қадамға баруына өздері оқитын университеттің үкіметке қарсылық білдіргені үшін жабылуы итермелеген. Студенттер оқу орны маңында адамдарға үнпарақтар таратып, баннерлер мен плакаттар ұстап шықты. Олардың пікірінше, Каталония халқының дауыс беру құқығы бар және референдум қазанның 1-де міндетті түрде өтуі тиіс. Конституциялық кеңес болса, оған тыйым салып отыр.
Испанияда бұл дау талай жылдан бері жалғасып келеді. Болжамдар бойынша референдум өткен жағдайда каталониялықтардың басым бөлігі тәуелсіздікті қолдап дауыс беруі мүмкін.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысындағы Қаражар ауылына газ мерзімінен ерте жеткізілді
21.08.2026, 10:09
Ресейде жас ғалымдар сайлауға белсенді түрде қатыспақ
21.08.2026, 10:08
Колумбияда шахтадағы апаттан 13 жұмысшы қаза тапты
21.08.2026, 10:07
Вашингтон Ислам республикасын тарихтағы ең қатаң санкцияға алмақ
21.08.2026, 10:06
Мұнай бағасы бірден 2 пайызға қымбаттады
21.08.2026, 10:05
БҚО-да математика, химия пәндерінің мұғалімдері тапшы
21.08.2026, 10:04
Елорда әкімдігінің білім грантын иеленгендердің тізімі бекітілді
21.08.2026, 10:03
Абай облысында полиция жолда ереже бұзатындарды дронмен анықтауға кірісті
21.08.2026, 10:02