Мәскеуде 250-дей адам сауда үйінің күзетшілерімен төбелес ұйымдастырмақ болған
Қаланың оңтүстік-шығысында орналасқан сауда үйлерінің біріне кеше кешкісін шамамен 250-дей адам жиналып, сол жердегі күзетшілермен жаппай төбелес ұйымдастырмақ болған. Себебі, жеке күзет фирмасының қызметкері сол жерде жұмыс істеп жүрген жүк тасушы тәжікті жақын маңдағы қоқыстың біріне алып барып, есінен танғанша ұрып-соғып, сол жерде қалдырып кеткен. Мұны естіген еңбек мигранттары ызаға булығып, күзетшілерден кек алу үшін сауда үйіне ағылып келе бастайды. Алайда, полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, жиналған жұртты сабасына түсірді. Ал, сол жерде болған 100-ге тарта адам қамауға алынды. Қазір құқық қорғаушылар олардың саусақ белгілерін алып, көші-қон құжаттарының дұрыс-бұрыстығын тексеріп жатыр.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысындағы Қаражар ауылына газ мерзімінен ерте жеткізілді
21.08.2026, 10:09
Ресейде жас ғалымдар сайлауға белсенді түрде қатыспақ
21.08.2026, 10:08
Колумбияда шахтадағы апаттан 13 жұмысшы қаза тапты
21.08.2026, 10:07
Вашингтон Ислам республикасын тарихтағы ең қатаң санкцияға алмақ
21.08.2026, 10:06
Мұнай бағасы бірден 2 пайызға қымбаттады
21.08.2026, 10:05
БҚО-да математика, химия пәндерінің мұғалімдері тапшы
21.08.2026, 10:04
Елорда әкімдігінің білім грантын иеленгендердің тізімі бекітілді
21.08.2026, 10:03
Абай облысында полиция жолда ереже бұзатындарды дронмен анықтауға кірісті
21.08.2026, 10:02