Бүгін Лондон метросында болған жарылыс «теракт» деп жарияланды
Соңғы мәліметке қарағанда, 22 адам жараланып, ауруханаға түскен. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Жарылыс қаланың оңтүстік-батысындағы «Парсонс-грин» станциясында болды. Вагонда отырған әйелдің айтуынша, жарылыстан кейін өрт шығып, адамдар арасында дүрбелең байбалам басталды. Бірнеше жолаушының бетін күйік шалып, кейбіреулер аяқ астында тапталып қалған. Осы оқиғаға байланысты бүгін осы елдің премьер-министрі Тереза Мэй үкіметтің төтенше отырысын өткізеді.
Биыл Британияға төрт рет шабуыл жасалып, 36 адам қаза тапты. 2005 жылы діни экстремистер Лондон метросы мен автобуста жарылыс жасап, 52 адам қаза тапқан еді.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05