Пхеньян Жапония үстінен тағы зымыран ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пхеньян Жапония үстінен тағы зымыран ұшырды

15.09.2017

Солтүстік Корея тағы баллистикалық зымыран ұшырды. Ракета 770 шақырым биіктікке көтеріліп, Жапонияның Хоккайдо аралының үстінен 3700 шақырым ұшып өтіп, Тынық мұхитқа құлаған. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, Пхеньян зымыранды жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 7-де жіберді.

Осыған байланысты Оңтүстік Кореяның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі төтенше жиын өткізбек. Ал, Жапонияның министрлер кабинетінің бас хатшысы Есихидэ Суганың мәлімдеуінше, Пхеньянның бұл әрекеті жапон еліне қауіп төндіріп тұр және жақын арада осыған байланысты қажетті шара қолданылады.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу