Германия канцлері Ангела Меркельге біреулер қызанақ лақтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия канцлері Ангела Меркельге біреулер қызанақ лақтырды

06.09.2017

Германия канцлері Ангела Меркельге сайлауалды акцияда сөз сөйлеп тұрғанда біреулер қызанақ лақтырды. Бұл оқиға елдің оңтүстігіндегі Гейдельберг қаласында болған. Бірақ, канцлердің  киіміне қызанақтың тамшылары ғана шашырады.

Сонымен қатар, митинг жүргізушісінің де киімі былғанған. Дегенмен, Меркель бұл жайтқа байсалды қарап, түк болмағандай жиынды әрі қарай жалғастыра беріпті. Әзірге, оқыс жайтқа жауапты адамдар анықталған жоқ.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу