Меркель шаңғы теуіп жүріп, жамбасын жарақаттап алды

07.01.2014
Меркель шаңғы теуіп жүріп, жамбасын жарақаттап алды
Германия канцлері Ангела Меркель шаңғы тебемін деп, жарақат алды. Дәрігерлер оның жамбасына зақым келгенін анықтады. Енді Меркель кем дегенде үш апта төсекте жатуы тиіс.
 
Бұл ақпаратты Германия канцлерінің ресми өкілі де растап отыр. Оның көмекшілері алдағы уақытқа жоспарланған ресми кездесулерді кейінге шегермек.

Хабарламаларға жазылу