Португалияда автобус апатқа ұшырап, 28 жолаушы қаза тапты

18.04.2019

Португалияның Мадейра округінде туристік автобус аударылып, кемінде 28 жолаушы қаза тапты. Олардың көбі – Германия азаматтары. Сонымен қатар, 22 адам жараланып, ауруханаға жеткізілген. Олардың ішінде португалдық көлік жүргізушісі мен гид те бар.

Оқиға жергілікті уақытпен сәрсенбі күні шамамен 18:30-да болды. Автобус жар үстіндегі тар жолдан тайып кетіп, төмендегі үйдің шатырына құлаған. Полицияның айтуынша, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Қазір апатқа байланысты тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр. Қайғылы жағдайға байланысты Португалия премьер-министрі Антониу Кошта Германия канцлері Ангела Меркельге көңіл айтып, хат жолдады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу