Бангладеште лай көшкінінен 61 адам қаза тапты
Бангладеште бірнеше күн бойы жауған жаңбыр лай көшкініне ұласты. Соның салдарынан 61 адам қаза тауып, ондағаны із-түзсіз жоғалып кетті. Құрбандардың бесеуі Үндістанмен шекарадағы Рангамати округінде опат болған. Құтқарушылар су басқан аймақтарға жете алмай отыр. Кейбір аудандарда жарық сөніп, ұялы байланыс желісі үзілген. Ал, ел астанасы Даккада көлік қатынасы тоқтады.
Бангладеште муссондық жауын мерзімі маусымнан қыркүйек айына дейін жалғасады. 2007 жылы Читтагонг қаласында осындай табиғи апаттан 130 кісі қайтыс болған еді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12