Санкт-Петербургте кеше болған жарылыстан  бір студент жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санкт-Петербургте кеше болған жарылыстан  бір студент жараланды

14.04.2017

Санкт-Петербургте төтенше жағдай. Қаланың Васильевский аумағында бейсенбінің кешінде жарылыс болды. Одан 14-15 жастағы бір бала жапа шеккен. Жасөспірім оқиға кезінде бір қолынан айырылды. Куәгерлердің сөзінше, бала кітапхана жанынан белгісіз затты көтергенде ол жарылып кеткен.

Құқық қорғау органдары болған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.   

 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу