Сирияның Идлиб провинциясында химиялық шабуылдан 58 адам қаза тапты

04.04.2017

Бүгін Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында авиациялық соққыдан кемінде 58 адам қаза тапты. Құрбандардың ішінде балалар да бар. Ал, жараланғандардың саны 100-ден асып отыр.

 

Жергілікті бақылаушылардың мәліметінше, Сирия армиясының немесе Ресейдің ұшақтары көтерілісшілер қарамағындағы Хан-Шейхун қаласын әуеден атқылаған. Соның салдарынан адамдар тұншықты деген ақпарат бар. Дәрігерлердің сөзінше, бұл шаһарға газбен шабуыл жасалса керек. Алайда, үкімет әскері химиялық қаруды қолданбайтынын бұған дейін бірнеше рет мәлімдеген еді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу