Тарбағатай ауданындағы Шүленовтер әулеті ширек ғасырдан бері балық аулауды кәсіп етіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тарбағатай ауданындағы Шүленовтер әулеті ширек ғасырдан бері балық аулауды кәсіп етіп келеді

14.01.2015
Тарбағатай ауданындағы Шүленовтер әулеті ширек ғасырдан бері балық аулауды кәсіп етіп келеді

Қабылқақ ақсақал Кеңес үкіметі заманында балық аулау бойынша рекорд жасаған. Сүзгі ауын бір салғанда 60 тонна балықты бірақ шығарып, есімі шартарапқа танылған.

Бүгінде өзінің жеке балықшылар бригадасы бар. Артынан ерген інілері де осы салада еңбек етеді.

Қайрат Қабдрасұл ақсақалдың ең кенже ұлы. Қазіргі таңда қара шаңыраққа ие болып отыр. Оның үлкен апайы Жібек те Тұғыл ауылында тұрады. Ол кісі де балықшы кәсібінің қыр-сырын жетік меңгерген.

«Зайсанның тайдай тулаған балығы барда ата-баба кәсібі үзілмейді». Көлді жағалай қоныстанып осы саладан несібесін айырып отырған балықшы ауылдардың баласынан қартына дейін осылай, дейді.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу