Нидерландтың Бодегравен қаласында смартфонға тәуелділерге арналған бағдаршам орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерландтың Бодегравен қаласында смартфонға тәуелділерге арналған бағдаршам орнатылды

18.02.2017
Нидерландтың Бодегравен қаласында смартфоннан бір минутқа да бас көтермейтін жаяу жүргіншілер үшін ерекше бағдаршам орнатылды. Жарық диодты жолақ көлік жүретін жолдың шетіне қойылған. Құрылғы дәстүрлі бағдаршаммен синхронды түрде жұмыс істейді. Бұл – телефонға телмірген адамдардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр.


Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу