«Astana Pro Team» командасы «Джиро д’Италия» жарысына қатысатын спортшылар тізімін жария етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Pro Team» командасы «Джиро д’Италия» жарысына қатысатын спортшылар тізімін жария етті

22.04.2016
«Astana Pro Team» командасы «Джиро д’Италия» жарысына қатысатын спортшылар тізімін жария етті
Олардың ішінде «Джиро д’Италия» жарысын 2013 жылы жеңген Винченцо Нибали бар. Одан бөлек құрамға Валерио Аньоли, Эрос Капекки, Якоб Фульсанг, Танел Кангерт, Давиде Малакарне, Микеле Скарпони, Бахтияр Кожатаев және Андрей Зейц секілді шабандоздар енді.

Жарыс Нидерландтың Аппелдор қаласында басталып Туринде аяқталады. Жарыстың жалпы қашықтығы 3463 шақырымды құрамақ.

Рустам БАЙДАУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу