EXPO-2017 жобасы Маастрихт қаласында таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 жобасы Маастрихт қаласында таныстырылды

09.09.2014
EXPO-2017 жобасы Маастрихт қаласында таныстырылды

Маастрихт қаласында Нидерландтың іскерлік топтарына арналған «EXPO-2017 және Қазақстанда бизнесті дамыту мүмкіндіктері» тақырыбында семинар ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Семинардың ресми ашылуын Нидерландтың Парламенті Сенатының депутаты, Маастрихт Басқару оқу орнының төрағасы Р. Ван Дер Линден өткізіп, іс-шараға «Greenport», «Boskalis», «Maastricht Health Campus», «PDM», «Akadis» сияқты нидерландтық жетекші компаниялар, сондай-ақ Лимбург аймағы басшылығының өкілдері қатысты.

Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі М.Мырзамадиева ел Үкіметінің шетелдік инвесторларға арналған жаңа жеңілдіктер топтамасы бойынша қабылдаған бастамаларына ерекше тоқталып өтіп, нидерландтық бизнес өкілдерін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.  

Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктерін жоғары бағалап, елдің саяси тұрақтылығы мен  жалпы аймақ әлеуетінің өсуін атап өтті.

Фото: expo2017astana.com  

Хабарламаларға жазылу