Таразда ұстаздардың инновациялық идеялары байқауы мәреге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда ұстаздардың инновациялық идеялары байқауы мәреге жетті

07.06.2016
Таразда ұстаздардың инновациялық идеялары байқауы мәреге жетті

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында ұстаздар арасындағы «Педагогикалық идеялар мен инновациялық жобалар» байқауы қорытындыланды. Биыл екінші рет өткізіліп отырған байқаудың мақсаты – жоғары оқу орны профессор-оқытушыларының инновациялық тәжірибесін зерделеу және қолдау көрсету, деп хабарлайды ТарМПИ Ақпараттық-имидждік қызметі.

Сонымен қатар, сапалы сандық оқу материалдарының қолжетімді базасын құру, бәсекеге қабілетті ақпараттық-коммуникативтік оқу ортасын жасау, педагогтардың электрондық білім беру технологияларын құрастыру мен қолданудағы практикалық тәжірибелерімен бөлісу де көзделген.

Сайыс «Үздік ашық сабақ», «Үздік флипчарт», «Үздік бейнесабақ», «Пәннің электрондық контенті» және «Инновациялы оқытушы» аталымдары бойынша ұйымдастырылып, екі кезеңде жүргізілді. Байқауға 42 жұмыс келіп түскен, соның ішінде 11 инновациялық жоба үздік деп танылды.

Жұмыстар  инновациялық идеяның өзектілігі, мазмұнының жаңашылдығы, ұсынылған идеяның танымдық құндылығы, жобаның инновациялық түрде берілуі, тәрбиелік және даму аспектілері сынды өлшемдер бойынша бағаланды.

Хабарламаларға жазылу