Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігі зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігі зор

01.10.2014
Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігі зор

Еуразиялық экономикалық одақ азаматтар мен бизнес үшін тартымды, тұрақты және ауқымды жобаларды жүзеге асыратын алаңға айналмақ.

Қауымдастық экономикалық дамуға мол мүмкіндік ашады. Жаһандық деңгейде қосымша бәсекелестікті тудырады.

Одақ туралы шартты ратификациялауға қатысты заң жобасын бүгін Мәжілісте Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ұсынды. Министрдің мәлімдеуінше, аталған келісімнің негізгі мақсаты – үш ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту.

Шартқа сәйкес, мүше елдердің саяси құрылымының ерекшеліктері құрметтеледі.

Тараптардың өзара тиімді ынтымақтастығын, тең құқылығын және ұлттық мүдделерінің ескерілуі қамтамасыз етілмек. Мәжіліс депутаттары құжатты бірауыздан мақұлдап, Сенатқа жолдады.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

 

Хабарламаларға жазылу