Берлиндегі жәрмеңкеде жүк көлігімен шабуыл жасаған күдікті туралы ақпарат үшін 100 мың еуро тағайындалды  - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берлиндегі жәрмеңкеде жүк көлігімен шабуыл жасаған күдікті туралы ақпарат үшін 100 мың еуро тағайындалды 

22.12.2016
Берлиндегі жәрмеңкеде жүк көлігімен шабуыл жасаған күдікті туралы ақпарат үшін 100 мың еуро тағайындалды 

Германия астанасындағы жәрмеңкеде жүк көлігімен шабуыл жасаған күдікті бұрын құқық қорғау органдарының бақылауында болған. 24 жастағы Тунис тумасы Анис Амри бұған дейін тонауды жоспарлағаны үшін көзге түскен екен. Ал, одан түскен ақшаға қару сатып алмақ болған. Кейін оның кінәсін дәлелдейтін айғақтардың жетіспеуінен полицейлер Амриді бақылауды тоқтатса керек. Енді, қаныпезерді табуға көмектескен адамға 100 мың еуро тағайындалып отыр. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу