Германияда 40 тонналық жүк көлігі бір топ адамды басып жаншыған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда 40 тонналық жүк көлігі бір топ адамды басып жаншыған

20.12.2016
Бұл Берлин орталығындағы жаңажылдық жәрмеңке кезінде болған оқиға. Салдарынан 12 адам құрбан болып, 50-ден астамы ауруханаға түсті. Елдің Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, шабуылдың қасақана жасалғаны немесе оның кездейсоқ болған қайғылы оқиға екені әзірге белгісіз. Куәгерлердің сөзінше, польшалық нөмірі бар жүк көлігі адам лық толы жәрмеңке өтіп жатқан көшеден 50 метрдей жүріп өткен.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу