Шымкентте жүк көлігі 4 жеңіл машинаны басып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жүк көлігі 4 жеңіл машинаны басып қалды

14.04.2022

Шымкентте бүгін тапа-тал түсте ауыр жүк машинасы төрт бірдей жеңіл автокөлікті жаншып тастады.

Көне шаһар маңындағы көпірдің үстінде келе жатқан Газ-53 көлігі тоқтай алмай қоршауды бұзып, төменге қарай шалқалап құлаған. Ауыр техника жанар-жағармай бекетінің тұрағындағы 4 автокөліктің үстіне түсті. Олардың ішінде адам болмаған. Газ-53 көлігінің жүргізушісі де ешқандай жарақат алмапті. Болжам бойынша ауыр техниканың тежегіші істемей қалған.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу