Жапонияның Хоккайдо аралындағы орманда жоғалып кеткен баланы іздеу операциясы жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның Хоккайдо аралындағы орманда жоғалып кеткен баланы іздеу операциясы жалғасып жатыр

02.06.2016
Жапонияның Хоккайдо аралындағы орманда жоғалып кеткен баланы іздеу операциясы жалғасып жатыр
Жапонияның Хоккайдо аралындағы орманда жоғалып кеткен баланы іздеу операциясы алтыншы күнге ұласып отыр. 7-жасар Ямато Тануканы ата-анасы көшеде адамдар мен машиналарға тас лақтыра бергені үшін тәртіпке саламыз деп қалың тоғайға апарып тастап кеткен.

Бірақ, арада бірнеше минут өткенде, ерлі-зайыптылар сол жерге қайтып оралғанда, ұлдарын таппай қалады. Қиқар бала атанған жеткіншектің тағдырына бүкіл Жапония алаңдап отыр. Мыңдаған адам интернетте Яматоның аман оралуын тілеп, оның әкесі мен шешесін салғырттықтары үшін қатаң айыптауда.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу