Өзбекстан Президенті Ислам Кәримов Әлішер Науаи атындағы өзбек тілі мен әдебиетінің Ташкент университетін құру туралы жарлыққа қол қойды.
Президент жарлығында өзбек тілі мен әдебиетінің ерекшеліктері, иірімдері ескеріле отырып, оның тарихи дамуын қазіргі күнмен байланысту мәселесі зерттеулі керек екендігін айтылған. Сонымен қатар, жаһандану жағдайында өзбек тілі мен әдебиетін зерттеу, білім беру мен тәрбиеде өзбек тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту, маман даярлаудың сапасын арттыру мәселесі қарастырылатыны да ескерсілсе керек.
Жаңа оқу орыны Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан мемлекеттік университетінің филология факультетінің, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің өзбек тілі мен әдебиеті факультеті, Ғылым академиясының Әлішер Науаи атындағы тіл мен әдебиет институты базасында құрылмақ. Университет құрамында үш факультет болады. Олар – өзбек филологиясы, өзбек тілі мен әдебиетін оқыту, өзбекше-ағылшынша аударма факультеттері.
Сонымен қатар, университет жанынан өзбек тілі мен әдебиетін зерттеу ғылыми орталығы да ашылады. Әрі Ғылым академиясының Әлішер Науаи атындағы мемлекеттік әдебиет музейі де осы университеттің құрамына кіретін болды. Университет 2016-2017 оқу жылында алғашқы студенттерді қабылдайды.

turknews.kz