Кабулде мешіттің жанында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кабулде мешіттің жанында жарылыс болды

09.03.2018

Ауғанстан астанасы Кабулде шейіт мешітінің жанында жарылыс болып, 7 адам қаза тапты. Тағы 15 кісі жарақат алған. Алайда, құрбандар мен зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін. Бұл туралы жергілікті Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап, «Рейтер» агенттігі хабарлап отыр.

Дүмпу 1995 жылы қаза тапқан бұрынғы ауғандық шейіттер лидері Абдула Әли Мазарды еске алу рәсімі кезінде болды. Жарылғыш затты жанкешті-терроршы іске қосқан. Әзірге ешбір экстремистік топ теракт үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу