Үндістанда тігін фабрикасы өртке оранды

12.04.2016
Үндістанда тігін фабрикасы өртке оранды
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, ғимараттың ішінде 100-ге жуық адам қалып қойды.

Үндістанда тағы төтенше жағдай. Бұл жолы Мумбай қаласы маңындағы тігін фабрикасы отқа оранған. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, ғимараттың ішінде 100-ге жуық адам қалып қойды.

Өрт нысанның бірінші қабатынан бүгін таңертең шыққан. Тілсіз жаумен күреске тоғыз өрт сөндіру машинасы мен су толтырылған 6 танкер тартылды.

Куәгерлердің айтуынша, кейбір жұмысшылар фабриканың төбесіне шығып, сол жерде көмек күтіп отыр.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу