Түркістан облысында 4,7 млрд теңгеге тоқыма фабрикасы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 4,7 млрд теңгеге тоқыма фабрикасы ашылады

16.10.2020

Елде 21 млрд теңгеге киім мен кілем шығаратын кәсіпорындар ашылмақ. Жоба 2023 жылға дейін жүзеге асады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, кәсіпорындар Түркістан облысы мен Шымкентте іске қосылып, 1100-ден аса жұмыс орны ашылады.

Сонымен Түркістан облысында 4,7 млрд теңгеге тоқыма фабрикасы мен 420 млн теңгеге тігін цехы ашылады. Жоба биыл басталмақ. Ал Шымкентте биыл кілем шығаратын кәсіпорын ашу жоспарланып отыр. Келер жылы тігін фабрикасы мен қолданбалы материал шығаратын цех іске қосылады, дейді жауаптылар. 2 жылдан соң дайын тоқыма бұйымдары мен ерлер костюмдерін тігетін кәсіпорын ашпақ. Бұған 2,6 млрд теңге жұмсалады.

Ақерке Бектас

Түркістан облысы тоқыма фабрикасы

Хабарламаларға жазылу