Петропавл тігін фабрикасы шетелдерден тапсырыс ала бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл тігін фабрикасы шетелдерден тапсырыс ала бастады

28.10.2015
Петропавл тігін фабрикасы  шетелдерден тапсырыс ала бастады
Петропавл тігін фабрикасы  шетелдерден тапсырыс ала бастады

Петропавлдағы тігін фабрикасы балалардың күз және көктем мезгілдеріне арналған киімдерін тігуді қолға алды. Отандық дизайнерлердің көмегімен ұзын саны 160 киім түрін шығармақ. Бұл туралы Қазақ радиосының ақпараттар қызметі хабарлады.

Петропавл тігін фабрикасы экономикалық тоқырау жылдары тұралап қалған. Ғимараты да талан таражға түсті. Қолдан қолға өткен фабриканы 2012 жылы қазіргі иелері сатып алған кезде бар-жоғы 40 тігінші қалған екен. Бүгінде жұмысшылар санын 140-қа жеткен. «Алғашында Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жұмыс жасадық, биылдан бастап жоғары сұранысқа ие балалар киімін тікпекшіміз. Базардағы балалар киімінің сапасы мен бағасына көңіліміз толмаған соң, өзіміз тігіп көруді ұйғардық. Қолымыздан келеді екен. Мәскеуде өткен көрмеге қатысып, Ресей және Беларусь елдерінен тапсырыс алып қайттық. Ішкі нарықта да сұраныс жоғары»-, дейді фабрика басшысы Борис Бутыч. Петропавл тігін фабрикасының балалар киімдері алдағы көктемде «Ирби» деген брендпен саудаға шыға бастайды. Кәсіпорын бұнымен шектеліп қалмақ емес, тағы 80 тігіншіні жұмысқа алып, өндіріс көлемін арттыруды көздеп отыр.

Ербақыт Амантайұлы

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу